Songtext
Бар әлемнің шаңырағы
Биікке көтерілген көк аспан
Не бар екен көк аспанмен
Ойнақтап есерлікпен талассқан?
Шетсіз, шексіз кеңістікте
Тұңғиық ғаламда
Сансыз жұлдыздар нұрын шашады
Алыстап
Арманда, жаным арманда
Армансыз адам болған ба?
Ааа
Арманда, жаным арманда
Армансыз өмір болған ба?
Армандап, арман жетеді
Құшағын ашып, бозарып
Рауандап таң келеді
Күмістей сәуле шашылып
Шетсіз, шексіз кеңістікте
Шапағы лауланып
Не бар одан артық жанса қос жүрек
Лапылдап?
Арманда, жаным арманда
Оралмай қалмас арманда
Арманда, жаным арманда
Арманда, жаным арманда